Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "№1 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Шымкент, Иляев к-сі, 142А
+7 (7252) 78 28 64
+7 702 539 99 71

Біз туралы

Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталық тек ОҚО ғана емес, Қазақстандағы ең ірі орталық болып табылады. Жыл сайын №1 ОПО-да шамамен 9,5 мыңға жуық әйел босанады. Облыстық перинаталдық орталыққа қауіп-қатер тобындағы жүкті әйелдер, босануға рұқсат етуге ауыр акушерлік патологиясы бар әйелдер және облыс аудандарынан жедел босануға әйелдер жіберіледі. №1 ОПО-да жатырда тыртығы, ұрықтың дұрыс орналаспауы және вагинальды босану қарсы болған кезде экстрагениталдық патологиясы бар жүкті әйелдерді жедел түрде босандыруға рұқсат етіледі. Ана мен перинаталдық өлім көрсеткіштері төмендеуде.

Перинаталдық орталықтың қызметкерлері тек босандыру ғана емес, сонымен қатар әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді босанғаннан кейін де жіті бақылауға алады. №1 ОПО жаңа туған нәрестелерге заманауи реанимациялық көмек көрсетеді.


Неоноталдық блог

Неоноталдық блог жаңа туған нәрестелерге, соның ішінде салмағы төмен және өте төмен болып туған шала сәбилерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді. Мұнда заманауи диагностика, интенсивті емдеу және күту әдістері қолданылып, ең кішкентай пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Диагностикалық және емдік технологиялар:

 • өте төмен салмақпен туған шала сәбилерді температура мен ылғалдылықты бақылау жүйелерімен жабдықталған инкубаторларда күту;

 • өмірлік маңызды функцияларды тәулік бойы бақылау (артериялық қысымды инвазивті бақылау мүмкіндігі бар кардиореспираторлық мониторлар арқылы);

 • тыныс алуды қолдау: пациент-триггерлі желдету, инвазивті емес вентиляция, назальды СРАР, жоғары жиілікті осцилляторлы вентиляция;

 • толық немесе ішінара нутритивтік қолдау және оның тиімділігін бағалау;

 • мидың және орталық гемодинамиканың көрсеткіштерін анықтауға арналған нейросонография және допплерография;

 • бүйрек қан ағымын бағалауға арналған допплерографиялық зерттеу.

Медициналық көмек көрсетілетін пациенттер санаттары:

 • жүйке жүйесінің перинаталдық зақымданулары бар нәрестелер;

 • жүктіліктің 22–37 аптасында туған шала сәбилер;

 • құрсақішілік дамудың тежелуі (ЗВУР) бар балалар;

 • өсу мен дамудың бұзылыстары бар (хромосомалық аномалиялар, фетопатиялар) нәрестелер;

 • гипербилирубинемия (жаңа туғандар сарғаюы) бар балалар;

 • жүрек, асқазан-ішек жолы, бауыр, несеп-жыныс жүйесі, сүйек, тыныс алу жүйесі мен миының туа біткен ақаулары бар жаңа туғандар.

Блогтың басты мақсаты – жаңа туған сәбилерді толыққанды күтіп-емдеу, олардың өмірі мен денсаулығын сақтау, әрі болашақта баланың үйлесімді дамуына жағдай жасау.


Гинекология бөлімі

Гинекология бөлімі әйелдердің репродуктивті жүйе ауруларына тәулік бойы стационарлық медициналық көмек көрсетеді. Госпитализация жоспарлы түрде жүргізіледі.

Бөлімнің негізгі бағыттары:

 • гинекологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу;

 • жатыр, аналық бездер және репродуктивті жүйенің басқа мүшелерінің патологияларында жоспарлы және операциялық ем-шаралар жүргізу;

 • қатерсіз ісіктерді хирургиялық емдеу;

 • етеккір циклінің бұзылыстарын және гормоналдық өзгерістерді түзету;

 • медициналық көрсеткіштер бойынша 12 аптадан кейін жүктілікті үзу.

Бөлімде әйелдердің әртүрлі гинекологиялық патологияларына медициналық көмек көрсету тәжірибесі мол жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді: Молдакулова Н.А., Панаев М.С., Раимов А.У. Жыл сайын миома, аналық без кисталары, бедеулік кезінде түтіктерге жасалатын операциялар бойынша лапаротомиялық және лапароскопиялық оталар, сондай-ақ жатырдың төмен түсуі немесе түсуі кезінде пластикалық операциялар жасалады.

Сонымен қатар, бөлімде қабыну ауруларына консервативті ем жүргізіледі және жүктілік патологиялары кезінде медициналық көмек көрсетіледі.

Бөлімнің басты мақсаты – әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мен қалпына келтіру, өмір сапасын арттыру және уақтылы, білікті медициналық көмек көрсету.



      

2024–2027 жылдар аралығында ұлттық аккредиттеудің жоғары санатына ие. 


. 2022 жылы Қазақстан Республикасы бойынша «ALTYN SHIPAGER 2022» ұлттық байқауында ең үздік босандыру ұйымы атанды.

2001 жылдан бері «Ана мен балаға достық қарым-қатынас орнатқан аурухана» мәртебесіне ие.

2020 жылы Түркістан облысының "Ең үздік медициналық ұйымы" атанған


Толығырақ

Жаңалықтар

Барлығын көру

Науқастардың пікірлері

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "№1 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Без имени
Очень благодарна врачам и акушерам этого центра особенно Османовой Фариде Алиевой Марине

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "№1 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Без имени
Рожала 29 января 2021 года. Очень благодарна акушерке Садыковой Мавлюде Бакировне. Она принимала у меня роды. Добрая, отзывчивая, умеет настраивать пациентку на позитив, и главное мастер своего дела. Она мне дала сильную психологическую поддержку за что я ей очень признательна

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "№1 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Без имени
Все хорошо, спасибо!

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "№1 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Без имени
Салеметсизбе? Мен Жана босанган ана едим, роддомда аптечка берилмейди екен неге? Бизге Ол улкен комек еди неге берилмейди Туркестан каласынан.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "№1 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Без имени
Роддом ОПЦ1 благодарю весь мед персонал за вашу выносливость, доброту и умение работать! Родила 28.12.19 сына на 32 нед , сегодня нам 5 месяцев и всё Благодаря неонатологу Татьяне Михайловне , профессионализма её рук ! Реанимация , работающие там мед сестры очень бережно и внимательно относятся к своей работе! Спасибо вам большое. Дай Бог вам здоровья. Anton Leonid
Барлығын көру

Байланыс

Дүйсенбі
Тәуілік бойы
Сейсенбі
Тәуілік бойы
Сәрсенбі
Тәуілік бойы
Бейсенбі
Тәуілік бойы
Жұма
Тәуілік бойы
Сенбі
Тәуілік бойы
Жексенбі
Тәуілік бойы
Қазақстан, Шымкент, Иляев к-сі, 142А
+7 (7252) 78 28 64
+7 702 539 99 71
+7 (7252) 55 03 45
+7 (7252) 43 23 46
+7 771 157 36 46
+7 (7252) 78 16 32
+7 (7252) 77 98 13
Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу