Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "№1 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Шымкент, Иляев к-сі, 142А
+7 (7252) 78 28 64
+7 702 539 99 71

Біз туралы

Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталық тек ОҚО ғана емес, Қазақстандағы ең ірі орталық болып табылады. Жыл сайын №1 ОПО-да шамамен 9,5 мыңға жуық әйел босанады. Облыстық перинаталдық орталыққа қауіп-қатер тобындағы жүкті әйелдер, босануға рұқсат етуге ауыр акушерлік патологиясы бар әйелдер және облыс аудандарынан жедел босануға әйелдер жіберіледі. №1 ОПО-да жатырда тыртығы, ұрықтың дұрыс орналаспауы және вагинальды босану қарсы болған кезде экстрагениталдық патологиясы бар жүкті әйелдерді жедел түрде босандыруға рұқсат етіледі. Ана мен перинаталдық өлім көрсеткіштері төмендеуде.

Перинаталдық орталықтың қызметкерлері тек босандыру ғана емес, сонымен қатар әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді босанғаннан кейін де жіті бақылауға алады. №1 ОПО жаңа туған нәрестелерге заманауи реанимациялық көмек көрсетеді.


Неоноталдық блог

Неоноталдық блог жаңа туған нәрестелерге, соның ішінде салмағы төмен және өте төмен болып туған шала сәбилерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді. Мұнда заманауи диагностика, интенсивті емдеу және күту әдістері қолданылып, ең кішкентай пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Диагностикалық және емдік технологиялар:

 • өте төмен салмақпен туған шала сәбилерді температура мен ылғалдылықты бақылау жүйелерімен жабдықталған инкубаторларда күту;

 • өмірлік маңызды функцияларды тәулік бойы бақылау (артериялық қысымды инвазивті бақылау мүмкіндігі бар кардиореспираторлық мониторлар арқылы);

 • тыныс алуды қолдау: пациент-триггерлі желдету, инвазивті емес вентиляция, назальды СРАР, жоғары жиілікті осцилляторлы вентиляция;

 • толық немесе ішінара нутритивтік қолдау және оның тиімділігін бағалау;

 • мидың және орталық гемодинамиканың көрсеткіштерін анықтауға арналған нейросонография және допплерография;

 • бүйрек қан ағымын бағалауға арналған допплерографиялық зерттеу.

Медициналық көмек көрсетілетін пациенттер санаттары:

 • жүйке жүйесінің перинаталдық зақымданулары бар нәрестелер;

 • жүктіліктің 22–37 аптасында туған шала сәбилер;

 • құрсақішілік дамудың тежелуі (ЗВУР) бар балалар;

 • өсу мен дамудың бұзылыстары бар (хромосомалық аномалиялар, фетопатиялар) нәрестелер;

 • гипербилирубинемия (жаңа туғандар сарғаюы) бар балалар;

 • жүрек, асқазан-ішек жолы, бауыр, несеп-жыныс жүйесі, сүйек, тыныс алу жүйесі мен миының туа біткен ақаулары бар жаңа туғандар.

Блогтың басты мақсаты – жаңа туған сәбилерді толыққанды күтіп-емдеу, олардың өмірі мен денсаулығын сақтау, әрі болашақта баланың үйлесімді дамуына жағдай жасау.


Гинекология бөлімі

Гинекология бөлімі әйелдердің репродуктивті жүйе ауруларына тәулік бойы стационарлық медициналық көмек көрсетеді. Госпитализация жоспарлы түрде жүргізіледі.

Бөлімнің негізгі бағыттары:

 • гинекологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу;

 • жатыр, аналық бездер және репродуктивті жүйенің басқа мүшелерінің патологияларында жоспарлы және операциялық ем-шаралар жүргізу;

 • қатерсіз ісіктерді хирургиялық емдеу;

 • етеккір циклінің бұзылыстарын және гормоналдық өзгерістерді түзету;

 • медициналық көрсеткіштер бойынша 12 аптадан кейін жүктілікті үзу.

Бөлімде әйелдердің әртүрлі гинекологиялық патологияларына медициналық көмек көрсету тәжірибесі мол жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді: Молдакулова Н.А., Панаев М.С., Раимов А.У. Жыл сайын миома, аналық без кисталары, бедеулік кезінде түтіктерге жасалатын операциялар бойынша лапаротомиялық және лапароскопиялық оталар, сондай-ақ жатырдың төмен түсуі немесе түсуі кезінде пластикалық операциялар жасалады.

Сонымен қатар, бөлімде қабыну ауруларына консервативті ем жүргізіледі және жүктілік патологиялары кезінде медициналық көмек көрсетіледі.

Бөлімнің басты мақсаты – әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мен қалпына келтіру, өмір сапасын арттыру және уақтылы, білікті медициналық көмек көрсету.


Медициналық генетика бөлімшесі

№1 ОПО-да облыста алғашқылардың бірі болып медициналық генетика бөлімшесі ашылды, онда тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу үшін жүкті әйелдер мен балаларға генетикалық скрининг жүргізіледі, оның ішінде ұрықтың туа біткен патологияларын анықтау үшін жүкті әйелдерді биохимиялық маркерлерге тексеру және жаңа туған нәрестелерді ФКУ және ТТГ-ға тексеру және скринингтік мерзімде ұрықтың пренаталдық УДЗ жүргізеді.

Орталықтың клиникалық-диагностикалық зертханасы биохимиялық, жалпы клиникалық, коагулогиялық зерттеулердің кең спектрін, сондай-ақ экспресс-диагностика жасайды. Зерттеулер қазіргі заманғы импорттық талдамаларда жүргізіледі. 

2010 жылдан бастап Перинаталдық орталықта ауыр бүйрек патологиясы бар әйелдерге арналған бүйректі гемоультрафильтрлеу аппараты жұмыс істейді.

15 жылдан бері №1 ОПО диагностикалық және хирургиялық лапароскопия қолданылып келеді. 2015 жылы Германия, Израиль, Греция және Италиядан келген жетекші мамандар № 1 ОПО базасында "Трансляциялық ғылым және дербестендірілген медицина" атты бірінші халықаралық мультидисциплинарлық ғылыми-тәжірибелік конференциясын, сондай-ақ ең аз инвазивті хирургия және іргелі ғылым аптасын өткізді.

Тоғыз жыл бойы Орталықта "АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа берілуінің алдын алу" бағдарламасы жұмыс істейді, алдын алу жұмыстарының нәтижесінде облыстың барлық өңірлерінде ОҚО-да АИТВ жағымды аналардан нәрестелердің жұқтыру қаупі екі пайыздан кемді құрайды. 2010-2017 жылдары вертикаль трансмиссияның пайызы – 0% - ды құрады, яғни барлық туылған балалардың дені сау. Мұндай нәтижелерге әлемде бірде-бір ел, Қазақстанда бірде-бір облыс қол жеткізе алмады. Халықаралық конференцияларда ОҚО АББА бағдарламасы бойынша өз тәжірибелерімен бөліседі. 

Кураторлық көмек көрсету және білімді мониторингілеу мақсатында облыс аудандарына барып, жұмыстар жүргізіледі. Каунас медициналық университетінің мамандарымен бірге №1 ОПО базасында гибрид-зертхана жұмыс істейді. 2017 жылы гибрид-зертханада № 1 ОПО 179 қызметкері оқудан өтті.

Облыстық перинаталдық орталық сондай-ақ облыстың аудандары мен қалаларынан келген медицина қызметкерлерін акушерлік, гинекология, неонатология және отбасын жоспарлау бойынша тәжірибелік дағдыларға үйрететін база болып табылады. Осы мақсатта үнемі жұмыс істейтін тренинг-орталық ашылды, онда 2875 маман оқудан өтті.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу