Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының « №1 Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК-да ағымдағы жылдың 23 маусымынан бастап, ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Ішкі талдау жұмыстары 23 маусым – 07 тамыз аралығында жүргізіледі. Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: 8 775 388 13 11
Эл.почта: opc_shim@mail.ru