Құрылымы


Қабылдау бөлімі

Қабылдау бөлімі өңірлендіру қағидаттарын сақтай отырып, шұғыл, жоспарлы, алғашқы және стационарлық акушерлік-гинекологиялық медициналық көмек көрсетеді. Жоспарлы пациенттер «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы, ал шұғыл пациенттер алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының жолдамасы негізінде ауруханаға жатқызылады.

Бөлім алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен, перинаталдық орталықтармен және басқа да емдеу-профилактикалық мекемелермен медициналық көмектің сабақтастығын қамтамасыз ету бағытында тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Сонымен қатар жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдегі аурулардың алдын алу және диагностикасын жүзеге асырады.


Жүктілік патологиясы бөлімшесі

Бөлімше жүкті әйелдерді жоспарлы және шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды жүзеге асырады. Мұнда жүктілік кезеңінде жоғары қауіп тобына жататын, ауыр экстрагениталдық және акушерлік патологиялары бар әйелдерге жан-жақты диагностика жүргізіліп, білікті медициналық бақылау қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ жүктіліктің асқынуларын емдеу, кейінгі оңалту шараларын жүргізу және пациенттердің денсаулық жағдайына тұрақты медициналық бақылау ұйымдастырылады.

 

Неонатология бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеті – жаңа туған нәрестелерге уақтылы медициналық көмек көрсету, қарқынды терапия жүргізу және әртүрлі соматикалық патологиялары бар нәрестелерді күтіп-баптау. Сонымен қатар, №1 облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген шала туған нәрестелерге, сондай-ақ облыс аудандарындағы босандыру ұйымдарынан ауыстырылып жеткізілген жаңа туған сәбилерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.


Босану бөлімі

Бөлім жоғары қауіп тобына жататын жүкті әйелдерге, ауыр акушерлік патологиясы және экстрагениталдық аурулары бар пациенттерге жоспарлы және шұғыл акушерлік көмек көрсетеді, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге шұғыл медициналық көмек ұйымдастырады.

Сонымен қатар, ана мен перинаталдық өлім-жітім жағдайларына, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдегі ауыр асқынуларға, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердің ауыр сырқаттарына талдау жүргізеді. Медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында оқыту тренингтері ұйымдастырылады.


№1 Ана мен баланың бірлесіп болу бөлімшесі 

Бөлімше заманауи акушерия талаптарына сәйкес акушерлік және экстрагениталдық патологиясы бар әйелдерге шұғыл және жоспарлы акушерлік көмек көрсетеді. Мұнда пациенттерге тексеру, емдеу және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу қызметтері ұсынылады.

Бөлімше босанған әйелдерге медициналық қызмет көрсетіп, емшекпен қоректендірудің негізгі қағидалары мен жаңа туған нәрестеге күтім жасау бойынша түсіндіру және оқыту жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен, балалар емханаларымен және басқа да медициналық ұйымдармен өзара сабақтастықты қамтамасыз етеді. Әйелдердің уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама жүргізіп, еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын береді.


№2 Ана мен баланың бірлесіп болу бөлімшесі 

Бөлімше акушерлік және экстрагениталдық патологиясы бар пациенттерге жоспарлы және шұғыл акушерлік көмек көрсетеді. Мұнда тексеру, емдеу және операциядан кейінгі кезеңді жүргізу жүзеге асырылады.

Сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңдегі әйелдерге медициналық көмек көрсетіліп, емшекпен қоректендіру және жаңа туған нәрестеге күтім жасау қағидаларына оқытылады. Медициналық көмектің сапасына клиникалық-сараптамалық бағалау жүргізіліп, уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жасалып, еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары рәсімделеді.


Гинекология бөлімшесі

Бөлімше жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар пациенттерге тәулік бойы стационарлық медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ аудандық және қалалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының жолдамасы бойынша жатырдан дисфункционалдық қан кетуі бар 18 жасқа дейінгі қыз балаларға мамандандырылған көмек көрсетіледі.

Медициналық және әлеуметтік көрсетілімдер бойынша жүктілікті тоқтату, жүктіліктің 12 аптасына дейін жасанды түсік жасау, дамымай қалған жүктілік кезінде емдік шараларды жүргізу, сондай-ақ облыс аудандары тұрғындарын «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу жүзеге асырылады.

Бөлімше уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізіп, гинекологиялық аурулары бар әйелдерге еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын береді. Тұрақты еңбекке қабілеттілігін жоғалту белгілері бар пациенттер белгіленген тәртіппен медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіледі.


Клиникалық-диагностикалық зертхана

Зертханада биохимиялық, жалпы клиникалық және коагулологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық зертханалық талдаулар заманауи жоғары дәлдіктегі импорттық автоматтандырылған анализаторларда орындалады.


Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім

Бөлім №1 облыстық перинаталдық орталығы қызметінің тиімділігі мен сапа көрсеткіштеріне талдау жүргізеді. Сонымен қатар орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде есептік-есеп беру құжаттамасының дұрыс жүргізілуін, медициналық-статистикалық көрсеткіштердің сапасын бақылауды қамтамасыз етеді.


Әйелдер консультациясы

Әйелдер консультациясы тұқым қуалайтын және туа біткен ауруларды ерте анықтаумен, жүкті әйелдерге ұрықтың генетикалық бұзылыстарын анықтауға арналған скринингтік зерттеулер жүргізумен және жаңа туған нәрестелерді тексерумен айналысады.

Сонымен қатар тіркелген халыққа білікті акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетіп, жүктілік, босанғаннан кейінгі кезең және гинекологиялық аурулардың асқынуларының алдын алуға бағытталған емдік-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады.

Консультация мамандары жүктілік патологиясы бөлімшесіне немесе ауру бейініне қарай басқа да мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйымдарға жатқызуды қажет ететін жүкті әйелдерді анықтайды. Олардың қатарына экстрагениталдық және эндокриндік аурулары, иммунологиялық сәйкессіздігі, жүктілікті көтере алмау және басқа да қауіп факторлары бар әйелдер жатады.


Госпитальдық фармация бөлімі

№1 облыстық перинаталдық орталығының госпитальдық фармация бөлімі орталықтың құрылымдық бөлімшелерін дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз етеді.

Бөлім мамандары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен тиісті дәріханалық практика талаптарына сәйкес дәрілік препараттарды қабылдау, сақтау, есепке алу және бөлімшелерге босату жұмыстарын жүзеге асырады.

Дәрілік заттардың сапасын, жарамдылық мерзімін және сақтау шарттарын тұрақты бақылауға ерекше назар аударылады. Бұл жүргізілетін емнің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлім қызметінің негізгі мақсаты – пациенттерді қажетті дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз ету және емдеу процесінде дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды ұйымдастыру.