Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "№1 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Шымкент, Иляев к-сі, 142А
+7 (7252) 43 23 48
+7 (7252) 42 22 01

Перзентханаға түскен емделушілерге арналған ескертпе

Өзіңізбен бірге болуы керек:

- Жеке куәлік (түпнұсқа)

- Жүкті әйелдердің алмасу картасы

- Дәретхана бұйымдары

- Халат, іш көйлек, шұлық, гигиеналық төсеніштер, төсек-орын тысы

 Емдеуге жатқызу алдында душ қабылдап, тырнақтарын алып, тырнақтағы лакты өшіріп келу керек.

 Серіктесіп босану құпталады.

 Келушілердің таза киімі және ауыстыратын аяқ киімі болуы керек.

 Емделушілерге сағат 13:00-ден 20:00-ге дейін келуге болады.

 Емделушіге күтім жасауға туыстары немесе басқа да тұлғалар емделушінің келісімімен жіберіледі.

 Емделушінің жағдайы туралы туыстары немесе сенімді өкіл емдеуші дәрігерден, қажеттілігіне қарай кезекші дәрігерден сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін мәлімет ала алады.

 Егер де Сіз бұрын ауруханада жатып емделген болсаңыз, өзіңізбен бірге ауру тарихының көшірме үзіндісін (выписка) алып келіңіз (мерзіміне қарамастан).

 Егер де Сізде терапиялық, эндокриндік, неврологиялық, психикалық және қан тамыр ауруларымен ауыратын болсаңыз (тиісті мамандарда емделетін аурулар болса (кардиолог, эндокринолог, неврапатолог, психиатр, флеболог) дәрігерлердің берген қорытындылары болуы тиіс.

Емделушілерді ауруханадан шығару сағат 14:00-ден бастап 17:00-ге дейін жүргізіледі.

Ауруханадан шығару кезінде Сізде төмендегі құжаттар болуы тиіс:

1. Жеке куәлік (көшірмесі)

2. Баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі немесе баланы ХҚКО, АХАЖ бөлімінде тіркелгені туралы анықтама)

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу